Кітап оқу қиын ба?
Әдеттегідей сабақ үстінде Ботагөз апай өзінің оқыған кітаптарының ішінен мен біле бермейтін Бибігүл Иманғазинаның "Тауқымет" кітабы туралы айтқан болатын.

Қазіргі таңда жастарымыз кітап оқып, өздерінің жан дүниесін байыта алса ғана болашағымыз жарқын болар еді. Ғаламтор пайда болғалы бері, кейінгі толқын кітап оқуды қойып ғаламтор желісінде отырады. Бұрынғыдай емес жастарымыз кітап оқуды қойғаны ащы шындық екені рас. Әрқашан ғаламтордың ғаламатын көруге құлықты. Оқушылардың көбі оқу залына тек қана тапсырылған тапсырманы орындау үшін келеді. Қазіргі таңда өзекті мәселе болып отырған тіл мәселесін, кітап оқымайтын жастарымызбен қалай дамыта аламыз? Адам баласының ойлау қабілеті артуы үшін де кітаптың алар орны ерекше. Сондықтан әдеби кітаптарды әрқашан оқып жүргеніміз абзал.
Жансая МҰХАНБЕТҚАЛИЕВА,
"Қостанай таңы" газетінің жас тілшісі.
Амангелді ауданы.
Жансая МҰХАНБЕТҚАЛИЕВА Кешіріңіз мына кітапты оқып шыққам. Өте қызық кітап. Алайда сіз мақалаңызда басты кейіпкерді Маржан деп қателесіп жазыпсыз… Басты кейіпкедің есімі Бибі -Сана.