1-сыныпқа – электронды кезекпен
Облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында білім саласын цифрландыру мәселесі талқыланды. Облыстық білім басқармасының басшысы Құсайын Кәткеновтің сөзінше, бұдан былай балаларды 1-сыныпқа кезекке тұрғызу цифрлы жүйеде іске асады.Бұл облыс көлемінде келесі оқу жылынан бастап 100% қолданысқа енгізілмек. Өткен жылы мұндай үрдіс небары 20% орындалған.
"Осы жылы бірінші тоқсанда, әрі кеткенде, екінші тоқсанның орта шенінде балаларды 1-сыныпқа кезекке тұрғызуды жаппай автоматтандыру керек", – деп тасырды облыс әкімі.
Қазіргі таңда облыс аймақтарында балдырғандарды мектепке дейінгі ұйымдарға тіркеуге алудың ақпараттық жүйесі іске қосылды. Қ.Кәткенов атап өткендей, 1-сыныпқа электронды кезек құру жобасы үшін тиісті қаржы қарастырылған.
Айта кетейік, мұның сыртында мектептерде электронды ас мәзірін енгізу жобасын іске асыру да маңызды болып тұр. Бұл үшін шалғай өңірлер ең әуелі интернет игілігіне қол жеткізіп алулары қажет-ақ. Қазіргі таңда "Электронды мәзір" Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта ғана бар.