ШіЛДЕ

Шілде – жаздың екінші айы. Парсы тілінде (шіллә) "қырық" деген мағынаны білдіреді.
шілдеШілде өте ыстық ай, оның ыстығы 40 күнге созылатындықтан, қазақтарда "қырық күн шілде" деген сөз бар. Иә, маусым айының 26 жұлдызынан тамыз айының 5 жұлдызына дейін ауа райы өте ыстық болады.  Содан "қырық күн шілде" ұғымы туған. Бұл күндерді "Ұлы шілде" дейді.  Шілденің аңызақ, аптап күні – "күн шіліңгір".
Шілденің  20  жұлдызында  Таразы  (нарық)  жұлдызы  туып, таң  суый  бастайды.    Сол себепті қазақтар: "Таразыда таң суыйды" дейді.
Қырық күн  шілде  халық аузында  "Суыр" деп  те аталады.  Сұмырай деген  сөз суыр  айы  деген  мағынада.  Содан халқымыз:  "Сұмырай келсе су құриды", – дейді.  Шілде  айының  тағы бір көне атауы – асад.  Үркердің толғағы.   Бұл мал-жан-ға жайлы, үркер туатын шілденің ортасы. 
 
Шілденің алғашқы он күнінде:
Таңертең шөп  басы құрғақ  болса – түнде  жаңбыр  жауады. Найзағай күркірі жаңғырып  естіл-се – нөсерлетеді.   Шық  қалың түссе – аспан  шайдай ашылады.   Таңертең  өзен,  көл суын  тұман бауырласа  – ауа райы жақсарады.
        
Шілденің екінші он күнінде:
    
Көкек шақыруын тыймаса  жаз ұзаққа созылады.  Ағаш  жапырақтары  сарғая  бастаса – күз бен қыс ерте түседі.
        
Шілденің үшінші он күнінде:
  Аптап басталады,  жерді шық басқан "жылауық" күндер туады. Ауа ыстық болса – келер желтоқсан суық болады.  Қымыздық  бітік  шықса –  алдағы  қыс  жұмсақ  болады.  Арша гүлденген кезде шілде аяқталып, тамыз туады.  
"Қысқы шілде де қу сақта,   жазғы шілдеде су сақта" дейді халық мәтелі. Жаз тоқсандағы шілде кіші шілде және ұлы шілде деп екіге бөлінеді. Кіші шілде мамырдың 24-25-інде кіріп, шілденің 7-8-інде шығады. Ал, ұлы шілде немесе кәдімгі шілде шілденің 8-9-ында кіріп, тамыздың 17-18-інде шығады. Қыс тоқсанындағы шілде де осы тәрізді: кіші шілде 24-25-інде кіріп, қаңтардың 6-7-інде шығады, ал, ұлы шілде қаңтардың 7-8-інде кіріп, ақпанның 17-18-інде шығады. Бұл кезді шілде тоқсан айы деп атайды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓