Екінші мүмкіндік ақылы болады
Биыл түлектерге ҰБТ-ны қайта тапсыруға мүмкіндік берілмек. Тек ол ақылы түрде болады. Сыннан сүрінгендерге кезекті мәрте мүмкіндік ұсыну ҚР "Білім туралы" Заңымен бекітіледі. Тиісті өзгертулер мен толықтырулар үкіметпен, білім және ғылым Министрлігімен мақұлданады. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жыл сайын ҰБТ-ге қатысушылар санының өсіп келе жатқандығын, сондай-ақ жоғары білімнен 100 мыңдап былтырғы түлектердің тыс қалып жатқандығын, олардың 25 мыңы тіпті колледждерге де түспейтіндігін айтып, мұның нағыз алаңдататын мәселе екендігін алға тартты.
Шартты деңгейге жете алмағандар үшін тестілеуден қайта өту құнының қанша болатыны туралы әзірге айтылған жоқ. Ал жалпы, аталмыш өзгерісті қоспағанда, ұлттық бірыңғай тестілеу механизмі жылдағы ереже бойынша өтеді.