Жеті жылға сотталды

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 21 жастағы Рамиль Сиитовке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды. сот
Бұған дейін жазғанымыздай, Р.Сиитов орталық жүйке жүйесінің түрлі ауруына шалдыққан 2014 жылы туған ұлын емдету үшін қаражат таппақ болып, Қостанай қаласының тұрғынын қорқытып ақша бопсалаған. Өзінің қылмыстық ойын жүзеге асырмақ болған Сиитов 2015 жылдың 10 қарашасында жәбірленуші Ж.-ға 5 миллион теңге төлемеген жағдайда оның автокөлігін зақымдап, 1999 жылы туған немересіне зиянын тигізетіндігі туралы хат жазып, оны азаматша көлігінің әйнек тазалағышы астына бекітіп кетеді. 12 қарашада жәбірленуші Ж. хатты байқап, құқық қорғау органына жүгінген. Жедел іздестіру шарасы барысында айыпталушы Сиитов жәбірленушіден 50 мың теңге алуы кезінде ұсталған. 
Сот үкімімен Р.Сиитов ҚР ҚК-нің 194 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен (қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, аса ірі көлемдебөтеннің мүлкін талап ету) қарастырылған қылмыстық әрекет жасауда айыпты деп танылып, оған 7 жылға қатаң тәртіптегі түзету колониясына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 
Сот үкімі заңдыкүшіне енген жоқ. 
 
Қ.МАРАТҚЫЗЫ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓