Екі сәби тілсіз жау құрбаны болды

Әулиекөл ауданында болған қайғылы жағдай туралы облыстық ТЖД бастығының орынбасары Азамат Орынбаев айтты, деп хабарлайды "Алау.кз" тілшісі.Snimok-4-640x378Төтенше оқиға аудан орталығында күні кеше болған. Пәтер өртеніп, екі бала қаза тапты. Олардың бірі үште, екіншісі бір жаста болған.
"Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына балалардың отпен бейсауат ойнауы себеп болуы мүмкін. Әуелі кереует тұтанып, ізінше тілсіз жау түгел бөлмеге жайылған. Балалар өртенген заттардың иісінен уланған. Алдын ала деректерге сенсек, олар үйде қараусыз жалғыз болған. Аналарының сөзінше, олар 11.15-те ұйықтап жатқан. Ол балаларын сыртынан құлыптап, мектептегі үлкен қызын алып келуге кеткен. Үйге оралғанда қалың түтінді көрген. Балалар өрт ішінде қалды", – деп хабарлайды А.Орынбаев. 
Биылғы жылыту маусымында облыс аумағында 11 адам оқыс жағдайда көз жұмды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓