Қызға – қырық үйден тыйым

Сәби – ата-ананың ең басты байлығы. Сол байлықты қажет етпейтіндер де бар арамызда. Жасына жетпей жүкті болып, баласын тастап кетіп жатқан көкек аналар қатары көбейді десек әбестік болмас. Осы тақырыпты арқау еткен кездесу қаламыздағы Ыбырай Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде өтті. Оған «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт қажы Темірбекұлы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психолог маманы Лариса Артоманова және балалар үйінің директоры Павел Коваль қатысты.O0uxxYSCPNk
Қызға қырық үйден тыйым салынып жатса, қазіргі кездегідей жан түршігерлік оқиғалар саны азаяр ма еді. Бүгінде қыз балалар тәрбиесінің осалдығы ма, әлде олардың ерте есеюге деген әуестігі ме, ерте жасында жүкті болып жатқан оқиғаларды құлағымыз естіп, көзіміз көріп жүр. Жарты жылдың ішінде баспасөз құралдары еліміздің түкпір-түкпірінде баласын өмірге әкеле сала, кез келген жерде тастап кеткендер туралы талай ақпаратты таратты. Бүгінгі кездесу тақырыбы да осы.xQc48e1nX3I
– Рас қазіргі таңда рухани байлығымыз азайып, Алла тағаланың есімінен қорқу, ұялу деген нәрселерден жырақ болып кеткенбіз. Кез келген халықта «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деген сөз бар. Сондықтан да, 75 жыл бойы атеизм заманынының "жемісін" қазір сіздер мен біздер көріп отырмыз. Дүние есігін енді ашқан сәбиді осылай жауапсыз тастап кету фактілері соңғы жарты жылдың ішінде көп айтылып жүр. Жас аналардың қаныпезер болып кеткендігі өкінішті. Дегенмен, мұның барлығы да жүректегі иманнан, ұяттан болуда. Иманы мен ұяты күшті адамдар мұндай қадамға бармайды, – дейді кездесуде сөз сөйлеген бас имам Сейіт қажы Темірбекұлы.
Колледж қабырғасында білім алып жатқан студент жастардың басты мақсаты – мамандық иесі атану. Қоғамда өз орнын тауып, болашаққа нық қадам басу. Ал ойланбай жасалған әрбір қадам болашаққа балта шабуы әбден мүмкін. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстанда жетімдердің саны 100 мыңға жеткен екен.VwOnVVg2VPw (1)
– Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан сәбилердің 80 пайызының ата-анасы бар, – дейді қалалық балалар үйінің директоры Павел Коваль. – Бұдан бірнеше жыл бұрын интернатта 297 бала тәрбиеленсе, бүгінде біздің қамқорлығымызда 290 бала бар. Оның 36-сы ғана жетімдер, яғни ата-анасы жоқ балалар. Екеуара келіспей қалған ата-ананың зардабын балалар тартады. Құрметті, студенттер! Сіздер – болашақ ұстазсыздар, әрі анасыздар. Әр бір қадамдарыңызды ойланып бассаңыздар, қоғамда мұндай сұмдық оқиғалар орын алмас еді.
Бір тәнде екі жүректің соғуы – тек аналарға ғана тиесілі құбылыс. Тоғыз ай бойы жүрегінің астында тағы бір жүректің соғуын естіп, оны жарық дүниеге әкеліп, іңгәлаған дауысын есту – барлық ананың арманы. Ал құрсағына біткен баласын қаңғытып, тастап кеткендердің жазасы сыбағасыз қалмас. Мұсылман дінінде некесі қиылмай жатып, төсек қатынасына түсу үлкен күнәға жататынын жастар білсе де, аяғын шалыс басуда. Оқу орындарында осындай кездесулер мен насихат жұмыстары көптеп жүргізілсе, болашақ аналарымыздың мұндай қаныпезерлікке баруының алдын алар ма едік. Қызды қырық үйден тыйып, қыз бала тәрбиесін мықтап қолға алайық дейді кездесуді ұйымдастырушылар.
 
Дамира ҚОЖАХМЕТОВА
Рудный қ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓