Облыста медицина мамандары тапшы
Қостанай облысына дәрігер мамандар жетіспейді. Аймақта жалпы 450 жұмыс орны бос тұр. Мұндай деректерді облыс әкімі А.Мұхамбетов орталық коммуникациялар қызметі брифингінде мәлімдеді.Білім беру мен денсаулық сақтау саласына бес жүзге жуық маман қажет. Соның 45 пайызы медицина саласына тиесілі. Өйткені, Тобыл өңірінде медицина мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орны жоқ. Тек колледж ғана бар. Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен сәл-пәл ілгерлетуге болады, алайда, ауылға барған 4 мыңға жуық жас маманның 70 пайызы білім беру саласына жұмысқа орналасқан. 17 пайызы деснауылық сақтау саласына барған.
Облыс әкімі осындай мәліметтерді келтіре отыра, жастарға үй алу үшін несие, кейбіреуіне бір реттік көтермеақы берілген дейді. Тіпті, келген жас мамандарға қолдау көрсету бойынша барлық деңгейдегі әкімдерге тапсырма қойылған деседі.