Шекарашылардан сыйлық
Шекара қызметінің әскери қызметшілері қоғам өмірінде болып жатқан түрлі шаралардан тыс қалып көрген емес. Мемлекеттің соңғы нүктелерін қорғап жүрген шекарашылар жауынгерлік қызметтен қолдары босаған кезде қайырылымдылық шараларына да қатысады.
Жаңа 2023 жыл қарсаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Қостанай облысы бойынша бастығы полковник А.Джаржанов бастаған офицерлер тобы Рудный балалар үйіне барды. Әскери қызметшілерді қарсы алған ұжымның директоры П.Коваль қонақтарды мейірім мекемесімен таныстырып, мақтанышқа айналған түлектерінің жетістіктеріне арналған мұражайды көрсетті.
Іс-шара балалар үйінің тәрбиеленушілермен кездесуге жалғасты. Шекара сақшылары талай жарыстарда топ жарып жүрген баскетбол командасының барлық құрамына спорттық аяқкиімдер сыйға тартты. Алдағы жарыстарына табыстар тіледі.
Рудный балалар үйінің директоры П.Коваль шекарашыларға ұжымның және балалардың атынан алғыс айтып, ел іргесін күзетіп жүрген абыройлы қызметтеріне табыс тіледі.
ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті.