РФ азаматы елден шығарылды

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, Қостанай облысының Арқалық қалалық соты Ресей Федерациясының азаматы М.Сагитдиновты елден шығару туралы шешім шығарды.
Жамбыл облысының Шу аудандық сотының үкімімен М.Сагитдинов 2012 жылы ҚР ҚК-нің 259 бабы 1-1 бөлігі бойынша  (есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатымен өте ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау) 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Жазасын өтеп шыққанан кейін М.Сагитдиновты Қазақстан Республикасы аумағынан шығару туралы шағыммен Арқалық қалалық ішкі істер басқармасы сотқа жүгінген. Ол Ресейдің Уфа қаласында тұрады, ал Қазақстанда қоныстануға арналған ықтияр хатты ресімдемеген. Мұны сотталушы Қазақстанға келгеннен кейін үшінші күні өте ірі көлемде  есірткі затын сақтағаны үшін ұсталғанымен түсіндірді. Сот отырысы барысында ол қалалық ішкі істер басқармасының өтінішімен келіспейтіндігін, себебі Қазақстанда біраз болуды жоспарлағанын айтты. 
Сот қалалық ішкі істер департаментінің шағымын қанағаттандырды. Бүгінде   М.Сагитдинов Қазақстаннан шығарылған. 
Сот шешімі заңды күшіне енді.
 
Қ.МАРАТҚЫЗЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓