Қалдарың қалай, серпіндіктер?

ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында: «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек»-деп көрсетті. Мемлекет басшысының осы идеяларын еске ала отырып ҚР Үкіметі жастарға арнап арнайы  бағдарлама қабылдады.  Бүгінгі Серпін-2050 «Мәңгілік Ел Жастары- индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсетуде. 7 жоғарғы оқу орындарының арасында грант саны жағынан топ жарып тұрған өзіміздің А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті.  Осыны негізге ала отырып,университетке «Серпін» бағдарламасымен келген студенттермен  студенттік өмірлері тұрғысында сырласып көрдік. 

 

Солтүстіктің өзге де қалаларының ішінен Қостанайды таңдауыңа не себеп?


IMG-20160211-WA0002Қымбат Қонысбек, Тараз қаласы: «Серпін-2050» бағдарламасының негізінде Солтүстік аймақтардағы оқу орындарының  біреуін таңдауға тура келді. Интернеттен іздестіре келе Қостанай қаласын ұнаттым. Сондықтан да таңдадым.
 

 

Жазира Әуез, Шымкент қаласы: Таңдауымның Қостанайға түскеніне өкінбеймін. «Серпін-2050» бағдарламасы негізінде қазіргі таңда өзім білім алып жатқан ҚМУ-не көп грант бөлінген екен. Бір жағынан теледидардан, интернеттен іздестіре келе, әдемі қала екеніне көзім жетті. Сол себептен де Қостанайда білім алуды ұйғардым.IMG-20160211-WA0006
 

 

 

 

 

 

IMG-20160212-WA0001Салтанат Ақытбек, Талдықорған қаласы: Қостанай – экологиялық жағынан өте таза қала. Бұл сөзімді «Серпін» бағдарламасымен келген кез келген студент растайды. Білім сапасы жағынан алдыңғы қатардағы оқу орындары бар қала таңдауымнан адастырмады. 
 

 

 

 

 

Асылжан Қалмен, Қызылорда қаласы: Шыны керек, Қостанайда оқимын деп ойламаппын. Алғаш оқуға құжат тапсырғанда төрт қаланы белгілеген едім. Кейін Қостанайға түскенімді естідім. Қала көңілімнен шықты.IMG-20160211-WA0003
 

 

 

 

 

 

IMG-20160212-WA0000Жанар Әбдіреш, Алматы қаласы:  Басында өзім Алматыда білім  аламын деп жоспарлаған едім. Оқу құжаттарын тапсыруға барғанда сол жердегі апайлар Қостанай қаласын ұсынды. Кейін хабарласып Қарағандыға түстің деді. Ал сертификатымда Қостанай деп тұр екен. Сөйтіп, өзіме таңсық қалаға оқуға келдім. Ең бастысы грантта білім алатыныма қуандым. 

 

 

 

 

Қазіргі таңда өзің білім алып жатқан мамандыққа көңілің тола ма?


 Қымбат: Менің мамандығым – Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету, бір сөзбен айтқанда болашақ программистпін.  Бүгінде техниканың дамыған заманында бұл мамандыққа сұраныс көп. Сөзсіз көңілімнен шығады. 
Жазира: Әрине, мамандығым мақтанышыма айналады деп сенемін. Ол Мал шаруашылығының өнімдерін өндіру технологиясы деп аталады. Өте қызықты және де сұранысқа ие мамандықтардың бірі.  
 Салтанат: Білім алып жатқан  оқу орныма, мамандығыма ризамын. Солтүстікте жетіспеушілігі сезілетін кәсіптердің қатарында менің мамандығым бар. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясын меңгеруге көбісінің желкесі жар бермейді. Алайда мен қателеспедім деп ойлаймын. Жақсы маман болып шығамыз деп үміттенемін.
Асылжан: Бүгінде ветеринарлық санитария мамандығында оқимын. Жаман емес, өзіме ұнайды. 
Жанар:  Бала кезімнен СЭС маманы болу арманым еді. Ветеринарлық медицина мамандығы сол арманыма жол ашты. Қалап түскен мамандық қашанда ұнайды ғой!
 

Мектеп өмірінен студенттік өмірге қадам басқаныңа 6 айдай уақыт өтті. Алғашқы кезде оқу барысында қандай қиындықтар болды?


Қымбат: Ең бірінші Университеттің оқу жүйесін түсіне алмадық. Одан кейін менің мамандығым 3 тілде оқытылады. Осы тұрғыдан қиналған едік, қазір етіміз үйреніп кетті.
Жазира:  Мектептен кейін университетке қадам басқан соң, басында оқу орнының талаптарын орындау қиын болды. Ізденудің, мұғалімдермен тіл табысудың арқасында оқуда жетістіктерге жетіп жатырмыз. Ең бастысы, төзе білсең кез келген қиындық артта қалады. 
Салтанат: Аттестация, сессия деген терминдер бізге жат болды. Кейіннен ұстаздарымыздың арқасында бәрінде түсіндік. Бәрі ойдағыдай өтуде.
 Асылжан: Университет өміріне үйренісе алмау 1- курс студенттерінің барлығының бастарыннан өткен қиындық. Группаластар арасында, мұғалімдермен тіл табысуда басында аздаған қиындықтар туындады. Кейін барлығы өз орнына келді. 
 Жанар: Алдымен қала өміріне үйрене алмадым. Оқуда айтарлықтай қиындық болмады. Қазір студент атанудың маңызын түсінгендеймін.


 Өзің осы уақытқа дейін тұрып келген Оңтүстік өңірдің, қазіргі күнде білім алып жатқан Солтүстіктен қандай айырмашылығы, ерекшелігі бар?


  Қымбат:  Біріншіден, ауа райы және табиғатында айырмашылық көп. Екіншіден, Қостанай қаласының тұрғындарының басым көпшілігі орыс ұлтынан, қазақтардың кейбірі қазақша түсінбей жатады. 
Жазира:  Бұл қалада қазақтар аз, және қазақы салт-дәстүр сақталмаған сияқты көрінеді өзіме.
Салтанат:  Қостанайдың қысы қатты салқын болады екен.  Көк тайғақ болды. Біз мұндайды көрмегенбіз. Қазір үйренісіп кеттік. 
Асылжан: Білімге өте қатты қарайды. Оңтүстік жақта көбіне дипломды сатып алып жатады. Жасыратыны жоқ, қазір коррупция өршіп кетті. Дегенмен, оқу орнынан ондай олқылықтар байқаған жоқпын.
Жанар: Сөйлеу мәнерлерінде, тілдерінде айырмашылықтар көп.Әр жақтың өзінің диалект сөздері бар. Жергілікті студенттер кейде біздің сөзімізді, біз олардың сөздерін түсінбей жатамыз. 

 

Студенттік өмір, жатақхана жайы қалай?


  Қымбат:  Студенттік өмірдің ең қызықты шағы жатақханада өтеді. Әркім әр жақтан келген соң мінездері де әртүрлі болады. Бір бөлмеде тұрып, жақсы тіл табысып кеттік.
Жазира: «Серпін» бағдарламасының негізінде бізге жатақхана да берілді. Мұнда тұру өте қызықты. Студенттік өмірдің қызығына әлі тоймай жүрміз.
 Салтанат: Студенттік өмірдің қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Көп достар таптық. Степендиямыз түскенде бірге бас қосып, түрлі орындарға барамыз. Туған күндерді де бірге атап өтеміз. Қиын кезде бір-бірімізге қол ұшын созуға дайынбыз. Осымен қызықты шығар деп ойлаймын. 
 Асылжан: Ата-ана қамқорлығынсыз басқа түскен қиындықты өзің шешетін кезең. Ең бастысы, мамандығымызды ойдағыдай аяқтап, ата-анамызды қуанту. Жатақханада бәріміз бір үйдің балаларындай тұрып жатырмыз. 
Жанар: Студенттік өмір қызықты өтуде! Тек жатақхананың алыстығы болмаса. Бір бөлмеде 5 қыз тұрамыз. Басында бір-бірімізді түсіне алмайтын едік. Кейін үйрендік қой. Ешкімге сенуге болмайтынын, қандай қиындық болса да өзің шешу керектігін ұғындық. Жаңа орта, жаңа достар. Бәрі тамаша!

You may also like...

9 Responses

  1. Қыдырбек айтты:

    о менің группаластарымнан отыр ғой сәлімжан салем!

  2. Айнур айтты:

    Серпиндиктер Жаксы Маман атанып, елимизге адал кызмет етиндер. 

  3. Моля айтты:

    Оңтүстіктен 450 түлектердің келгенінен Қостанайда біршама қазақтар көбейген сияқты

  4. Гүлім айтты:

    Солтүстік өңірге мамандар тапшы. Ал оңтүстікте диплом алған қаншама жастар жұмыссыз жүр. Сол үшін де осы бағдарлама қолға алынған. Ел болашағына үлес қосады деп сенеміз.

  5. Ерлік айтты:

    "Серпін" бағдарламасы жөнінде көптеген мақалалар оқыдым. Бұларға барлық жағдай жасалған. Тек оқуларын жақсы аяқтаса болғандары, мемлекет тіпті жұмыс жағын да қарастырып қойған көрінеді!

  6. Асан Сағынай айтты:

    Шынымен де, "Серпін-2050" – ең ұтқыр, келелі бағдарлама! Мемлекет жастардың білім алуына қамқор болып қана қоймай, теріскей аймақты қазақыландыру саясатын көздейді. Рас, көп жастың білім алған жерінде жұмысқа тұрып, шаңырақ құрып,тұрақтап қалмасына кім кепіл? Бұл бағдарламаның алдағы жылдарда да жалғасын таба беруін тілер едік.

  7. Жанар айтты:

    Солтүстіктегі жерлестеріміздің санын көбейту үшін бұл дұрыста шығар! Себебі, оңтүстікте бала туу көрсеткіші жоғары. Сондықтанда адам санының көптігінен қызметке орналасу да қиынға соғады.

  8. Айжан айтты:

    Серпіндіктер алга жақсы оқыңдар 

  9. Лəззат айтты:

    Əбдіреш Жанар ,жарайсың! Дарынды бала -қашанда дарынды! Қайда оқысаңда аман бол.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓