Рудныйда төтенше жағдай: қазіргі ахуал қалай? (ВИДЕО)

Рудный қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік төтенше жағдай жарияланды. Басты себеп – қаладағы тозығы жеткен инженерлік желілердің, жылу, су, кәріз құбырларының жиі жарылуы. Қазіргі кезде тозған желілердің көрсеткіші 62%-ке жеткен.
– Төтенше жағдай Рудный қаласының әкімдігінің шешімімен жарияланды. Шешім ҚР нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің ресми сайтында орналастырылды. Төтенше жағдай шұғыл әрекет ету, қосымша күштер тарту және коммуналдық желілердегі аварияларды жою бойынша қаржылық қамтамасыз ету үшін жарияланды, – деді Рудный қаласы әкімінің орынбасары Азамат Ысқақов.
 
1 қазан мен 6 ақпан аралығында қалада 73 рет су құбыры жарылған. Салдарынан тұрғын үйлер мен нысандар жылусыз қалған еді.
Азамат Ысқақовтың айтуынша, қазір қаладағы жағдай тұрақты. Коммунылдық қызметтің барлық түрі қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдай жылыту маусымының соңына дейін жалғасады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓