Есірткі тасымалдаушылар қолға түсті
Қостанай облысы ІІД есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері елдің оңтүстігінен ірі көлемде есірткі көлемін жеткізген қылмыскерлерді ұстады.
(сурет Қостанай облысының ІІД-нен алынды)
Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінен хабарланғандай, олар Лисаковск қаласында жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында ұсталған. Қызметкерлер үш адам мінген таксиді тоқтатқан.
– Олардың көлігін тексеру барысында скочпен оралған екі торлы сөмке табылған,-деп нақтыланады хабарламада. Әр сөмкеде арнайы иісі бар жасыл түсті өсімдік заты табылды. Сот-химиялық сараптама жүргізгенде, оның кептірілген марихуана екені анықталды, салмағы 37 келі 500 грамм.
Сондай-ақ, такси салонынан 18 келі гашиш пен екі брикет тәркіленді.
Жүргізілген тергеу шараларының барысында күдіктілер Рудныйда тұратыны, еш жерде жұмыс істемейтіні, бұрын сотталмағаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.