Жәрдем жасалды

Өткен жұмада Марал ишан мешітінде мұқтаж жандарға арналған  қайырымдылық шарасы өтті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқандай, ең ғибратты іс  қоғамға пайда әкелу.IMG_0845 Осы ойды ұстанған ел азаматтары мешітке қаржысын, енді бірі азық  түлігін (күріш, ұн, қант, шай т.б) арқалай келді. Жәрдем  аз қамтылған отбасылар мен мүгедек жандарға, жетім-жесірлерге жасалды. 
Қайырымдылық күні 75 келі күріш, 250 келі ұн, 75 келі жарма, 75 келі қант 25 отбасына таратылып берілді. IMG_0843 Сондай-ақ, облыс орталығындағы №2 балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 3-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге 25 келі қант пен 30 келі алма үлестірілді. Алланың жердегі үйіне алақан жая келгендер күтпеген көмекке ризашылығын білдірді. Айтулы шараның айына бірнеше мәрте өткізіліп отыратынын айта кеткен жөн. 
 
Жұлдыз БЕРМАҒАНБЕТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓