Аудан абыройын асқақтатты

Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде өңір көркемөнерпаздары шығармашылығының қорытынды концерті өтті. «Айналдым еркін елімнен!» атты ұранымен XXX облыстық фестивалі шеңберіндегі шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қостанай облысының 80 жылдығына арналды.IMG_5630
IMG_5775
Бұл шараға барлығы 250 өнерпаз қатысып, 20 жанр бойынша өнер көрсетті. Олардың ішінде Барвинов, Крылов, Златоуст, Маяк және Қара-Оба ауылдарының талантты өнерпаздары да болды. Әсіресе, жастар сахнаның сәнін кіргізіп, жарқырай көрінді. Көркемөнерпаздардың бірі киелі сахна төрін әнмен тербесе, ал енді бірі домырамен күмбірлете күй төкті. Сондай-ақ, мың бұрала майысып, би билегендер де көптің қошеметіне бөленіп жатты.IMG_5662
Концертті қорытындылаған қара қылды қақ жарған қазылар алқасының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония директорының міндетін атқарушы Александр Евсюков сахадағы барлық сәтті бүге-шігесіне дейін баяндап, фестивалге қатысушыларға қомақты еңбектері үшін алғыс білдірді.IMG_5814
Сондай-ақ, сөз алған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Лариса Сероус болса, сарыкөлдік өнерпаздардың өнеріне көңілі толатындығын жеткізіп, аудан әкімі Эльдар Күзенбаевқа өңірдің мәдениет саласына ерекше қамқорлығы үшін өз ризашылығын айтты.IMG_5695
Жалпы, бағаға тоқаталар болсақ, төрт деген баға болған жоқ, барлық нөмірге бес (21-25 ұпай аралығы) қойылды. Айта кеткен жөн, өткен жылы 7 музыкалық нөмір 25 деген ұпайға лайық болса, ал биыл оның саны 12-ге жетті. Сондай-ақ, қазылар алқасы режиссер, ұйымдастырушы, қатысушылардың сахналық костюмі және сахна безендірілуіне ең жоғары ұпай 25-тен қойды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓