Шағым қанағаттандырылмады

Қостанайда еліміздегі ауыл шаруашылығы саласы жағынан ең алпауыт серіктестіктердің бірі «Иволга Холдингті» банкрот деп тану жөніндегі азаматтық соттың басталғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. «Еуразиялық Даму Банкі» АҚ шағымы бойынша өтіп жатқан процесс Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралды. Оған шағым беруші ұйым мен жауапкер тараптан басқа кредитор банктердің өкілдері де қатысқан болатын.ivolga-1
Бұған дейін облыстық соттың баспасөз қызметінің мәлімдегеніндей, «Еуразиялық банк» АҚ айыпталушы тарап «Иволга Холдинг» ЖШС-не 80 миллион АҚШ доллары көлемінде қарыз берген. Қарыз алушы несиелік шарт бойынша міндеттерін орындамаған (міндетті 1 жылдан астам орындамаған). «Иволга Холдинг» ЖШС уақытша басқарушысы айыптау мерзімін ұзартуды сұрады. Өйткені, қарыз алушыда мүлкі мол, сондықтан қаржы-шаруашылық қызмет бойынша ақпарат жинау үшін уақыт қажет», – делінген хабарламада.
4 ақпан күні басталған сот отырысына тілшілер қауымы да барған еді. Алайда айыпталушы тарап өкілдері судьяға соттың жабық өтуін талап етті. Айтуларынша, сот отырыс барысында құжаттық-қаржылық құпиялар айтылады. Ал арыз берушілер мен кредиторлар журналистердің қатысқанына қарсы болған жоқ. Алайда судья сот жабық түрде өтсін деген шешім шығарды.
15 ақпан күні облыстақ мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Еуразиялық Даму Банкі» АҚ-ның «Иволга Холдинг» ЖШС-ні банкрот деп тану жөніндегі шағымын қанағаттандырмаған. Бұл туралы сенімді ақпарат көздері хабарлады. Банк өкілдерінің бұдан кейінгі апелляциялық шағым беретін-бермейтіні де әзірге белгісіз.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓