Мәдениет мекемелерінің мәселесі шешілетін болды

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласына жасаған іссапарында шаһардағы мәдениет сарайы мен Дала өлкесі тарихы облыстық музейіне бас сұқты. Өңір басшысының мұнда келуіне себеп те жоқ емес. Өйткені қаладағы қос бірдей мәдени ошақтың халі мүшкіл. Ғимараттардың тозығы жетіп, күйрегелі тұр.
IMG_8186
IMG_8079Мәселен, мұндағы мәдениет сарайы мүлдем жөндеу жұмыстарын көрмеген. 1975 жылы салынған ғимарат әбден ескіріпті. Сау-тамтығы қалмаған десе де болады. Сахнасының құты қашқан, едендері шұрық-тесік. Оның үстіне, жылу жүйесі де істен шығып тұр. Қазіргі таңда бұл мәдениет ошағы өз жұмысын уақытша тоқтатқан.IMG_8180
IMG_8140Ғимараттың жалпы аумағы – 6910,72 шаршы метр. Жөндеу жұмыстары барысында мекеменің ауласын абаттандыру мәселесі де қарастырылған. Мәдениет сарайына күрделі жөндеу жұмыстарын жасау үшін жобалық-сметалық құжаттарына сәйкес бас-аяғы 622 804,83 теңге қаржы керек. Бұл қаржыға ғимараттың: шатыры, едені мен терезелері, сахнасы және көрермендер залы, спорт залы, су құбырлары мен кәріз желісі, жылу жүйесі қалыпқа келтірілетін болады.IMG_8167
IMG_8166
IMG_8137Екінші мәселе – мұражай мұңы. Арқалықтағы Дала өлкесі тарихы музейі өз бағыты бойынша Қазақстандағы үздік ондықтың қатарында. Торғай даласының бар сырын ішіне сыйдырған ғимараттың көрсетері жетерлік. Мұнда ертеректе өмір сүрген зіл мамонттардың, жойылып кеткен басқа да жануарлардың қаңқасы сақталған. Әуелде өмір сүрген халықтардың бұйымдары да бар. Келушілердің санында есеп жоқ дейді музей директоры Гүлбану Елтебаева.IMG_8081
IMG_8122Алайда, 1972 жылы салынған ғимараттың сапасы сын көтерер емес. Қыс келсе, өңмеңінен өтетін суық, ал жаз бойы берекені қашырып, қапырықтанып тұрады. Негізінен мұражайдағы қалыпты температура +18-24-тің арасы болуы қажет. Жаңбыр жауса, мұнда адам түгілі, экспонаттардың да құты қашады. Себебі, төбесі тесік. Мұражай қызметкерлері, әуелі, құнды жәдігерлерді бұзып аламыз ба деп алаңдаулы.IMG_8117Жалпы, әр тақырыптағы 11 зал бар және бас-аяғы 76331 экспонат сақтаулы. Осының бәрін аман алып қалу үшін жуық арада бұл ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жасалуы керек. Ол үшін тек 136 400,0 теңге көлемінде қаржы бөлінсе болғаны.
Негізгі жасалатын жұмыстар: шатырды жөндеу, еден, терезелері мен су құбыры және кәріз желеліерін қалып келтіріп, өрт дабылы мен бейнебақылау орнату.  IMG_8128Қаладағы қос бірдей маңызды мекеменің халі осындай. Әрқайсысының жағдайын жіті бақылаған өңір басшысы Архимед Мұхамбетов келер жылы екі ғимараттың да жаңа кейіпке енетінін айтты. Оған дейін қаржы мәселесесі жан-жақты қарастырылатын болады. Бұдан бөлек Арқалықтың әкімі Амантай Балғаринге мекемелердің мұң-мұқтажын назарда ұстауды тапсырды.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
  Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.   

You may also like...

2 Responses

  1. Арын айтты:

    Арқалықта жөндеу жұмыстарын жүргізетін ғимараттар көп-ақ! Жаны ашитын емкім жоқ

  2. Нагима айтты:

    Ia,durys aitasyz! Korkin keltirse, zhainaiyn dep turgan kala

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓