Жерлесіміз – Еуро 2016-ның қола жүлдегері
Сербияда өткен тара алаңдағы теңбіл доп турнирінде жерлесіміз қола жүлдеге ие болды. Еуропа чемпионатында алғаш рет өнер көрсеткен ұлттық құрамамыз үшінші орынға табан тіреді.
Айды аспанға шығарып, қарт құрлықты таң қалдырған Қазақстан құрамасының сапында Қостанай облысы, Фёдоров ауданының тумасы Григорий Шамро өнер көрсетті.
Григорий ең маңызды ойынның бірінде ұлттық құрама қақпасын қорғады. Ол – ескерту алған негізгі қақпашы Игитаны алмастырды. Ширекфиналда вице-чемпиондар – Испания елінің футболшыларына қарсы ойында алаңға шықты. Алайда, Қазақстан құрамасы сол ойында 5-3 есебімен ұтылып, финалға бір табан жетпей қалды.
Қазақ елінің қуанышына орай, Какау бапкер бастаған жігіттер Сербия жерінде өтіп жатқан бәсекеде алаң иелерін, яғни үшінші орын үшін таласқа түскен Сербия құрамасын 11 мың сербиялық жанкүйердің алдында қарсылас қақпасына бес гол соғып, Еуропа – 2016 біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
Осы тамаша жеңіске біздің жерелсіміз Григорий Шамро да өз үлесін қосқанын ескерте кетейік.
Жерлесімізді жүлдесімен құттықтаймыз!
Кенже Қонысбай