Бірінен бірі озды

Аудан төрінде жалауын көтерген қысқы спартакиадаға мемлекеттік мекемелер мен селолық округтердің командалары қатысты.
Спорт бәсекесіне қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Елжан Тұрабеков құттықтап, оларға сәттілік тіледі.лыжи 1
Жалпы, шаңғы жарысы тартысқа толы өтті. Мемлекеттік мекеме басшылары арасында Азамат Туманов (Чехов ОМ), ал жеке кәсіпкерлерден Игорь Кухаренко жеңімпаз атанса,  эстафеталық жарыстан колледж ешкімге дес бермеді. Сөйтіп, командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Урицкий ОМ жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілсе, №1 Урицкий орта мектебі үшінші орынға жайғасты. 
Сондай-ақ,  дәл  осы күні өңірде  алғаш рет конькиден жарыс өтті. Өткен 100 және 200 метрге сырғанаудан Дарья Собко мен Иван Романов ("Аманжол-АкРо" ЖШС), ал 500 метр қашықтықта Валерия Есман (колледж), Берік Әмреновтер  ("Аманжол-АкРо" ЖШС) топ жарды. Ал эстафеталық сында тағы да колледж командасы жеңіске жетті.
Жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды "Аманжол-АкРо" ЖШС еншіледі. Екінші орынға колледж жайғасса,  Маяк селолық округінің командасы үшінші орынды иеленді. 
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓