Апаттың алдын алу пысықталады

Бүгін өңірімізге ҚР ІІМ министрінің орынбасары Владимир Божко мен ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінің төрағасы Владимир Беккер келеді. Бұл ақпаратты облыстық ТЖД хабарлады.
Сапардың басты мақсаты – Қостанай облысындағы көктемгі су тасқынының жай-күйін бағдарлау. Министрлік өкілдері Арқалық қаласына ұшып барып, Ащы-Тасты, Ақжар су қоймаларын шолып шығады. Әрі қарай, Қара Торғай, Жалдама өзендерін және өзендердің үсті арқылы маңайларын қоныстанған ауылдардың жағдайымен таныспақ.1428996081_photo_81598
В.Божко түс қайта облыс орталығында өңірдің жедел әрекет ету топ өкілдерімен кездесуді жоспарлаған. Кешкі сағат 17.30-да облыстық әкімдікте аудан-қала басшылары, аймақтың Азаматтық қорғаныс қызметі жетекшілерімен жиналыс өткізеді.
Келесі күні ҚР ІІМ министрінің орынбасары Желқуар, Жоғарғы Шортанды және Төменгі Шортанды су қоймаларының үстімен ұшып өтеді. Жоғарғы Тобыл, Қызылжар, Қаратомар, Сергеев және Амангелді су қоймаларын шолып қайтады.
 
         Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓