Рудныйлық алиментшілердің қарызы 30 млн. теңгеден асқан

Қалалық прокуратура ІІБ қызметкерлері және мемлекеттік сот орындаушылардың басын ведомствоаралық жедел жиында қосты. Отырыста алименттерді өндіріп алу мақсатында қабылданып жатқан шаралар, борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері қаралды.1392401017_lyubish-razvoditsya
Қазіргі таңда рудныйлық алментшілердің қарызы 30 млн. теңгеден асқан. Осылайша, 260 бала қамқорлықтан қағылып отыр. Оның 125-і балалар үйінде тұрады.
Заңды міндетін өтеуден қасақана жалтарып жүрген азаматтар ішінде ең ірі көлемде қарызы бар 92-сі тізімге алынып отыр. Қалалық прокуратураның нұсқауымен оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары жүзеге асатын болды.
Осы жылдың басынан бері 7 борышкер әкімшілік жазаға тартылып, 20 азаматқа іздеу жарияланған. Перзенттері алдындағы парызын өтеуге құлықсыз әкелер мен аналарды қылмыстық жауапкершілікке иліктіру де мықтап қолға алынбақ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓