Тасқынға – тосқауыл

Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары тұрғындарды жиі мазалайды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметтеріне қарағанда биыл қырық тоғыз елдімекенге қар суының қаупі туып тұр. IMG_4276Осыған сәйкес, жергілікті бюджеттен төтенше жағдайды ликвидациялау үшін 50 млн.теңге қарастырылған.
-Су тасқынынан зардап шегуі мүмкін 1840 үй мен 35 автокөлік жолдары анықталды,-деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов,- Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін алдын ала уақытша баспаналар әзірленді. Дәрі-дәрмектер, азық-түлік қорын құру туралы мәселелер пысықталып жатыр.
Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша,өзенге жақын орналасқан  аумақтардан қар шығару арқылы  су тасқынын бәсеңдетуге болады.
Жалпы, облыстағы 123 гидротехникалық құрылымдардың 33-і ағымдағы және күрделі жөндеулерді қажет етеді. Мәселен, Алтынсарин ауданындағы Қарағайлы және Докучаев бөгеттерінің жағдайы сын көтермейді. Мұндай келеңсіз көріністер облыстың басқа да аудандарында кездеседі.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бөгеттер мен тоғандарды су тасқыны басталғанша жөндеу  қажеттігін айтты. Ол үшін ақша бюджетпен қатар тартылған қаражат есебінен жұмсалуы тиіс. Айтпақшы, кеше ҚР ІІМ вице-министрі Владимир Ьожко су тасқынының қаупі басым облыстың бірқатар өңірлерін ұшақпен аралап шықты. Әсіресе, Торғай өңірі, Арқалық қаласы мен Таран,Денисов аудандарының аумақтары жіті бақыланды.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓