Шығарып салушы қолынан қаза тапты

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауына кісі өлтіру (ҚР ҚК 99 б.1 б.) бойынша айыпталған 22 жасар С.Сотниковқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті.суд
Тергеу материалдарына сай, 2015 жылдың  қаңтарында Таран ауданының Апановка ауылында сотталушы өзінің таныстарымен бірге ішімдік ішкен. Көңілді отырыста болған 25 жасар О.Чабикова біраздан соң өзінің үйіне қайтады. Ал Сотников оны шығарып салмаққа шығады. Қыздың үйінің маңында таяғанда ішімдікке сылқия тойған екеуінің арасында дау туындап, жанжал кезінде сотталушы Чабикованының мойынын білегімен орап, қылқындыра бастаған. Осылайша, бірнеше минут ұстап босатқанда қыз жерге ессіз құлайды. Алайда, тірі болатын.
Мұнымен қылмыстық әрекетін тоқтатпаған Сотников жәбірленушінің басынан бірнеше рет теуіп, қыздың демі тоқтағанша қолымен буындырған.
Жәбірленушінің жансыз екендігін көріп, оқиға орынын жасырынған.
Қылмыстық іс судья Б.Ұзақбаевтың қарауында.
 
Қостанай облыстық соты баспасөз қызметі 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓