Жеткіншек суға батып кетті
6-маусым күні Денисов ауданына қарасты Фрунзенский ауылында 11 жасар жеткіншек суға батып кетті. Ауыл маңындағы Қамысты-Аят өзеніне шомылуға барған баланың қайғылы жағдайға ұшырауына өзінің абайсыздығы себепші болған. Куәгерлер оқыс оқиға кешкі сағат 20.00 шамасында болғанын айтады. Баланың денесін жергілікті тұрғындар келесі күні сағат 12.10-да жағаға алып шықты.