Амантай Балғарин – Сарыкөл ауданының әкімі

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Сарыкөл аудандық депутаттарының келісімімен Сарыкөл ауданының жаңа әкімін тағайындады. Бұл қызметке Амантай Кәкімбекұлы Балғарин келді. Ол осы уақытқа дейін Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі қызметін атқарып келді. WhatsApp Image 2018-07-03 at 12.38.44Амантай Кәкімбекұлы 1962 жылы Әулиекөл ауданында туған, екі жоғары білімі бар. 1994 жылы ветеринар мамандығы бойынша Алматы мал дәрігері институтын тәмамдады. 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын Әулиекөл ауданынына қарасты бұрынғы Қаймақкөл кеңшарында мал дәрігері болып бастады. Әр жылдарда Қостанай облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Науырзым, Әулиекөл аудандарының әкімі болып қызмет істеді. 2016 жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі лауазымын атқарды. «Құрмет» ордені және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓