ЕСЕР СӨЗ – КЕСЕЛ СӨЗ

Біз осы демократиялық ел болғымыз келеді. Халықтық әділ билік жүргізгенін қалаймыз. Жөн, дұрыс-ақ.  Бірақ қалай? Байыппен қарасаңыз, төрткіл дүниеде партия атаулының небірі пайда болған екен. Пираттар партиясы, сыра сүйетіндер партиясы, жалқаулар партиясы, делқұлылар партиясы, махаббат партиясы тағы сол сияқты, толып жатыр. Осылардың қайсысы қоғамға пайда тигізіп, оның өмірін жақсартуға септігі тиген? Ешқайсысы да. Олардың дені  қоғамға қызмет етіп отырған билік құрылымын жойып, елдің  берекесін  алып, мемлекетті күйретуді  көксейтін саяси топтың қуыршақтары.
WhatsApp-Image-2020-04-29-at-11.20.491-720x340
Міне,  біздің елде «Көше партиясы» деген партияның жабылғанын естідім. Дұрыс болған. Олар: «Президент деген қызметтің болмауына қол жеткізгіміз келеді.»- дейді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай Парламент басқарып отырған елдерде Абай атам айтқандай: «Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қыртың. Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?»
«Көше партиясы» 30 миллион теңгеге дейін ипотека мен несиелерді жабуды ұсынады. Бұл не деген сөз? Қисын қайда? Қарапайым халықтың жүйкесіне ши жүгірту, арандату. Сөйтіп тыныш елдің шырқын бұзу. Бәрінен бұрын бұлар өздігінен «қоғамға жаны ашып» құрылған емес, тиым  салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының қолшоқпары. Қазір осындай  сыртқы – ішкі  бір  күштер елді өрге  сүйреудің  жолын- жөнін көрсетіп, сол үшін бел шешудің орнына  іріткі салады. Бұларға керегі – қазақ қоғамы есер сөзге еліріп, өзара қырықпышақ болып жатса. Сөйтіп, қазір жаңа технология, озық үрдістен қалып қойса дейді, қандай қауіп!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓