Кәсіпорындар дағдарып тұр

Облыста он бір кәсіпорын өз мамандарының басым бөлігін төрт күндік жұмыс кестесіне ауыстырған. Барлығы 2 024 адам осындай жүйе арқылы істеп жүр. Бұл туралы дағдарысқа қарсы штабтың отырысында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев мәлімдеді.-mg-6801
Мәселен, Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-і мен «Аграмашхолдинг» АҚ-ында 1 093 адам 25-наурызға дейін аптасына төрт күн ғана еңбек ететін болады. Атағы алысқа кеткенмен, ішкі жағдайы осы тақылеттес өндіріс ошақтары жетерлік. Қостанай локомотив депосының бөлімшесі 71 адамды уақытша жұмыстан босатқан.а Ал, Лисаков қаласындағы құрама жем мен алкоголь өндіретін «Арай Холдинг» ЖШС-інде  326 адамның жұмыс сағаты қысқартылған, 106 маман мүлде қысқартылған. 19 адам мәжбүрлі демалысқа шығарылыпты. Яғни, холдинг жұмысшыларының 74%-іне осылайша  дағдарыстың «салқыны» тиіп отыр. Арқалықтағы «Алюминстрой» ЖШС-нің де жағдайы аса мәз емес. Ондағы 270 адам ақысыз демалысқа шығарылса, 7 адам толық емес жұмыс кестесіне көшірілген. Облыс әкімінің орынбасары өз баяндамасында мұндай мысалдарды көптеп келтірді.
– Аудан және қала әкімдеріне халықты еңбекпен қамту мәселесін нақты бақылауда ұстаған жөн. Ал қысқарған мамандарды басқа жұмыспен қамтамасыз ету шараларын қарастыру керек,-деп атап өтті М.Жүндібаев.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓