60 адам ауру жұқтырды
Науқастанған адамдардың 34-і – облыс орталығының, 18-і – Рудный қаласының тұрғындары. Мұның сыртында, Қарасу ауданында 5 адамнан осы дерт анықталды. Меңдіқара, Ұзынкөл және Қостанай аудандарында 1 адамнан вирус жұқтырған.
Қазіргі уақытта эпидемияға қарсы шаралар толық көлемде жүргізіліп жатыр.
24 шілдедегі мәліметке сәйкес, облыста инфекция жұқтырған адамдар саны 2237-ге жетті. Жазылып шыққандары – 1189, күні кеше ғана 23 адам дерттен айыққан.