Жағдай түзеліп келеді

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов КВИ-дің таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды.
Штаб отырысы барысында Қарабалық және Сарыкөл аудандары әкімдерінің баяндамасы тыңдалып, мониторинг топтарының жұмысы қаралды. Мониторинг топтары 2021 жылғы 1 мамыр мен 6 маусым аралығында 1 518 рейдтік іс-шара өткізіп, 86 карантиндік шараларды бұзу деректерін анықтаған.
"Халыққа вакцинация жүргізу тұрғысында айтар болсақ, бүгінгі күні облысқа вакцинаның бірінші компонентінің 120 мың дозасы және екінші компонентінің 71 мың дозасы жеткізілді. 6 маусымдағы мәлімет бойынша, барлығы 90 207 адам вакцинацияланды, оның ішінде екінші компонентпен 43 081 адам екпе алды", – деп жазды облыс әкімі.
Сондай-ақ, жиында бүгінгі күні облыс бойынша «Ashyq» жобасына қатысу үшін 425 өтінім берілгені де айтылды.
Сонымен қатар, барлық ұсыныстарды жіті қарап, штаб мына жеңілдіктерді осы жылдың 14 маусымынан бастап енгізу туралы шешім қабылдады: барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, 25 адамнан аспайтын тамақтандырумен және тамақтандырусыз мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңдарды) ашуға рұқсат етіледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓