Журналистер – жақсы достар
Құрметті байланыс және ақпарат қызметкерлері!
Сіздердің төл мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Сіздер ең құрметті және сұранысқа ие, сонымен қатар қазіргі заманда маңыздылығы күн сайын артып келе жатқан мамандықты таңдадыңыздар. Бұл болып жатқан оқиғалардың контентінде ғана болмай, олардың мүдделі және белсенді қатысушысы болу миссиясымен байланысты.
Сіздердің мемлекеттік саясатты жүргізуге қосқан үлес-теріңіз, облыстағы көптеген әлеуметтік маңызды жобаларға көрсеткен ақпараттық қолдауларыңыз игі бастамалардың өмір шындығына айналуына септігін тигізеді.
Журналистік еңбекқорлықтарыңыз және материалдарды беру шеберліктеріңіз, өңірдің маңызды оқиғаларын жедел әрі сапалы көрсетудегі ынталарыңыз әрдайым құрметке лайық.
Баспа, пошта кәсіпорындары, байланыс ұйымдарының мыңдаған қызметкерлерінің күн сайынғы еңбегі ақпаратты әр үйге дер кезінде жеткізуге бағытталған.
Қаламдарыңыз мұқалмай, жұмыста табысқа жете беруге тілектеспін. Барлық бастамаларыңыз сәтті болып, әрдайым оқырмандар мен абоненттердің сеніміне ие бола беріңіздер.
Ынтымақ, бірлік, денсаулық пен бақыт, тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!
Қостанай облысының әкімі
Н. Садуақасов.