Біздің үйде – мереке
"Арқалағаны – алтын, жегені – жантақ" деген журналистерге қатысты айтылған бір ұрымтал сөз бар. Шер-ағаң айтты ма, әлде халық даналығы ма, кім білсін? Біздің білетініміз, қалам мен микрофон ұстаған ағайынның көңілін дөп басқан тіркес.

Биылғы мереке қарсаңында әріптестерімізді өңір басшысының өзі ерекше ілтипатпен құттықтады, бүгін ол жүлдегер журналистерге облыс әкімінің он аталым бойынша сыйлығын салтанатты жағдайда тапсырады. Солардың ішінде шыға бастағанына 92 жыл толған "Қостанай таңы" газетінің бүгінгі бас редакторы, Қазақстанның құрметті журналисі Жанұзақ Аязбековтың болуы біз үшін үлкен мәртебе.
Ал, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының сыйлығына жас журналист Қарлығаш Оспанова, облыстық мәслихат сыйлығына тілші Нұрболат Мешітбаев, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының марапатына бас редактордың орынбасары Сәлім Меңдібай ие болды. Сондай-ақ өзге де әріптестеріміз мереке күні мерейлері өсіп, сый-құрметке бөленді.
Суретте: қара шаңырақ – "Қостанай таңының" жас журналистері.
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков.