Мәслихат хатшысы есеп берді

Бүгін облыстық мәслихаттың хатшысы Сайлаубек Ещанов 2019 жылы атқарған жұмыстардың қорытындысын жария етті.IMG_4133
Өткен жылы Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығы атап өтілгені баршаға мәлім. Қостанайлық мәслихат мүшелері де мерейтой аясында өткенге есеп беріп, ертеңге жоспар құрып, осы уақытқа дейін атқарған еңбектері үшін елеулі есімдер марапатқа лайықталған болатын. Хатшы баяндамасының кіріспесін осыдан бастады.
"Әрине, өткен жылы Қазақстан мәслихаттары өзінің 25 жылдығын атап өтті. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына белсенді қатысқан барлық депутаттарға және біздің облысымыздың мәслихаттарының қалыптасуының бастауында тұрған барлық азаматтарды тағы да құттықтағым және үлкен алғыс айтқым келеді! – деді Сайлаубек Ещанов. – Ал, енді мәслихаттың қызметінің басты формасы – өзекті мәселелер қаралатын сессиялар. Былтыр ұзын саны 17 сессия өткізілді. Оның жетеуінде облыс бюджеті қаралғанын айта кету керек".IMG_4138
Өткен жылы ұзын саны мәслихаттың 116 шешімі қабылданған. Мәселен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 52 жобалар ұсынылып, қазіргі таңда 40-ы іске асырылып жатыр. Көп талқыға түскен мәселелер –жастар саясаты, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы, Агроөндірістік кешенді дамыту бағдарламасы.
"Тұрақты комиссия 2019 жылы облыс көлемінде 37 отырыс өткізді. 10 аудан мен 3 қалаға тексеру және әдістемелік көмек көрсету шаралары жүргізілір, 107 лауазымды тұлғаның, мекеме-ұйым басшыларының есебі тыңдалды. Депуттардың жұмыс тобы 77 нысанды аралады", -деп толықтырды С.Ещанов.IMG_4134
Есепті кезеңде мемлекеттік органдарға 138 депутаттық сауал жолданып, оның 116-ның оңды шешімі табылған. Сауалдардың көбі жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелеріне қатысты болды. Облыстық мәслихатқа халық тарапынан 62 хат түскен. Оның басым бөлігі көше аттарын ауыстыру және салық төлемінің мөлшерлемесін ұлғайтуға қатысты болыпты. Депутаттар қабылдауына 932 адам келіп, 622 азамат мәселелерінің шешімін тапқан.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓