Құрметке бөленді

Жақында өңірде өткен Мәуліт мерекесінде Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, жерлесіміз Төлеген Шолановқа «Сарыкөл ауданының құрметті азаматы" атағы берілді.Аудан әкімі Э.Күзенбаев Т.Шолановқа құрмет лентасын табыстауда
Бұл марапат аудан әкімінің ұсынысымен, аудандық мәслихаттың шешімімен Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүзеге асырылып отыр.Аудан әкімі Э.Күзенбаев Т.Шолановқа құрмет грамотасын табыстауда
Аудан жастарын патриоттыққа  тәрбиелеуде қомақты үлес қосқаны үшін ұзақ жылдардан бері облыстық ардагерлер кеңесінде қызмет жасап жүрген Төлеген Шоланов биік құрметке бөленді. Құрметті атақ куәлігі мен лентасын жамағат алдында аудан әкімі Эльдар Күзенбаев салтанатты жағдайда табыс етті. Туған жердің төсінде осылайша еңбегі жанып, сый-құрметтің төресіне ие болған марапат иесінің ризашылығында шек болмады. Төлеген Жанжігітұлы сарыкөлдіктерінің алдында сөз алып, зор құрмет көрсеткені үшін аудан әкімі мен жерлестеріне жүрекжарды лебізін білдірді.  IMG_4799
-Туған жерден жырақ жүрсем де, киелі Сарыкөлімді және құрметті жерлестерім Сіздерді бір сәтке де ұмытпай, жеткен жетістіктеріңізге марқайып, тілеулес болып жүремін. Мені мынадай дәрежеге дейін көтеріп, құрметтеп, еңбегімді елеп жатқандарыңыз үшін ақ алғысымды айтамын, – деді ауданның құрметті азаматы.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓