Көкөніс дестесі сатыла бастады
Мерекеге толы көктем айлары қарсаңында гүл сататын дүкендер сөресінде ерекше гүл шоқтары пайда болды. Қостанай қаласындағы «Golden Rose» дүкенінен көкөністерден жасалған гүл дестесін табуға болады.
Пайдалы дестелерді Әділ Тасболатов есімді жігіт сатады. Ерекше гүлдерді Санкт-Петербург қаласынан көрген. Елге оралған соң туған қаласы Қостанайға әкелуді жөн санап, сатылымға шығара бастаған. Алғаш күннен-ақ қалың жұрт қызығып, тұтынушылар көбейген.
-Алматыда оқып жүргенімде гүл сатумен айналыса бастадым. Міне, содан бері үш жыл болды. Қазір Мәскеуде білімімді тереңдетіп жатырмын.
Алғаш Ресейден көрдім. Алматыға оралғасын өзім жасап, сата бастадым. Дәрумендерге толы гүл дестесін Қостанайға алты ай бұрын әкелдім. Сосын Рудный қаласынан да сұраныстар түсіп, сол жақта сатылымға шықты.
Аталған гүлдің пайдасы өте зор. Ауруханада жатқан кісілерге, жас аналарға, балаларға сыйға тартуға болады. Кейбір қыздарға хош иісті гүлдер жақпай жатады, сондай сәттерде ерекше дестемен таң қалдыра аласың. Тіпті, кей кезде әйел адамдар келіп, күйеуіне, ағасы мен інілеріне арнап сатып алады. Десте көп күттірмей, он бес минуттың ішінде дайын болады. Ең бастысы, өзге гүлдерше мерекелерден соң солып, жарамсыз боп қалмайды,-дейді Әділ Тасболатов.
Десте қияр, орамжапырақ, тәтті бұрыш, сәбіз, ас бұршақ сияқты көкөністерден тұрады. Сонымен қатар алма, алмұрт, жүзім сынды жемістер қосуға болады. Тапсырыс берушінің талғамына сай қылып әзірлейді. Бағасы да қол жетімді.
Кенже Қонысбай
Ой-ой-ой…Орамжапырақ…Идея:брокколи немесе жұдырықтай орамжапырақты аламыз, қызылшаның бір түйірімен шеттерін қайырып бояп-бояп раушан кейпіне келтіреміз. Ал иісі үшін лимон мен апельсин шырыны себеміз.Арасына ақжелкен, аскөк секілді шөп-шалам салып сәндейміз. Ең кедей отбасылар үшін гүл шоғы секілді екен.Қызылша,сәбіз,жұмыртқа,картопорамжапырақ салсаң салат болады да шығады. аасына сельд немесе ет қыстырсаң тон киген балық немесе басқа салат дайын.:)Асылы бұл гүл шоғы емес қой.Бұл ерсі сияқты. Гүл мен дәмді шатастыруға болмайды.Туысқа, досқа күліп-ойнап ұсынсаң да әншіге орамжапырақ ұсынбайсың ғой.Одан да кітаптар, косметика,аксессуар сияқты сыйды ұсынар едім. Тек мынадай "гүлдерді" емес.Ұят қой.