Ильяны жалғыз адам ғана құтқара алады

Ақ қан ауруына шалдыққан Лисаков қаласының кішкентай тұрғыны Ильяны өскемендік азаматша ғана құтқара алады. Сәбиді өлімнен арашалап қалу үшін жілік майын ауыстыру қажет, деп хабарлайды yk-news.kz. Евгений және Елена Полковниковтардың отбасында өткен жылдың 30 қаңтар күні үшінші балалары дүниеге келген. Кенжелері туғаннан кейін 4 айдан соң денсаулығы сыр бере бастаған. Диагноз белгілі болғаннан бастап астаналық дәрігерлерге қаралған.Ilja001_0
(Сурет yk-news.kz сайтынан алынды)
-Ұлымның өмірін аман алып қалу үшін жалғыз мүмкіндік бар. Ол – жілік майын ауыстыру,- дейді Елена Полковникова. – Туысқандарымыздың ешқайсысының да донорлығы жарамады. Дәрігерлер донор орталығына хабараласты. Ол жерде Қазақстан бойынша тек бір адамның ғана жілік майы сәйкес келіп тұр. Біз ол кісінің аты-жөнін де білмейміз. Тек оның Өскемен қаласында тұратын 21-24 жас аралығындағы қыз екенін есіттік.        
Дәрігерлер Өскемен қаласының тұрғынымен байланысып, ота жасауға әзірлікті бастаған. Алайда, бейтаныс қыз жасалған ұсыныстан бас таратады. Ата-анасы рұқсат бермегендіктен донор болуға келіспейтінін айтқан.
-Ата-анасымен біз де, дәрігерлер де сөйлесті. Қыздарына еш зиян келмейтінін дәрігерлер түсіндірді. Ота еш қауіпсіз және ауруды сездірмейді. Ильяны аман алып қала алатын жалғыз кісі екенін де айтты. «Мен сізді жақсы түсінем, бірақ өзіме менің балам қымбат» деп жауап қайтарды қыздың анасы. Бірақ оның баласына еш қауіп-қатер болмайды ғой,-деп, көзіне жас алады кішкентай Ильяның анасы.
Бүгіндері сәбидің өмірін құтқара алатын қыз да, оның ата-анасы да телефонға жауап бермейді.
-Біз ол қыздан өтініп сұраймыз. Қанша ақша сұраса да береміз. Көлігімізді сатып, үйімізді кепілдікке қоюға да дайынбыз. Ұлымның өмір сүруге деген мүмкіндігінен айырылып бара жатқанына төзе алмаймын. Біздің бұл жағдайымызға анасы мен қызы бейжай қарамаса екен,-дейді Елена Полковникова.
Полковниковтер отбасы өскемендік қыздың немесе оның анасының мына нөмірлерге хабарласуын сұрайды: 8-777-443-89-96 Елена, 8-705-403-63-67 Евгений.
 
Кенже Қонысбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓