Шаруасы шираған шалғай мекен

Сарыкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына жыл сайын қомақты үлесін қосып отырған ауылдық округтердің бірі – Севастополь. Бүгінде мұнда 264 үй бар. 900-ге тарта адам тұрады.
Аталған ауылды бір кісідей басқарып, халықпен етене еңбек атқарып жүрген әкімнің аты-жөні – Жангелді Сатыбалдин. Ол бұл қызметте 2013 жылдың 12-қыркүйегінен бастап істейді.Ауыл әкімі - Жангелді Сатыбалдин
-Ауылдың ахуалы тұрақты. Тіркелген 96 шағын және орта бизнес субъектісі бар. Оның ішінде 5-і жеке кәсіпкерлік болса, 91-і шаруа қожалығы. Алдынғысында жұмыс істейтіндер саны – 7-еу, ал соңғысында – 280 адам еңбек етеді, – дейді Жангелді Қожақұлы.
Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, севастополдық кәсіпкерлер егін және мал шаруашылығын мықтап қолға алған. Солардың ішінде «Аллахвердиев Г.И.» және «Кусымбаев К.П.» шаруа қожалықтары көш басында тұр. Шаруашылықты қатар алып жүрген олар өңір экономикасына қомақты үлестерін қосып отыр. Осыдан үш жыл бұрын «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ірі қара малын сатып алды. Қазір қос қожалықтың ірі қара малының саны жүзге жетіп жығылады.
SONY DSC

SONY DSC

«Сыбаға» демекші, бұл бағдарлама – мемлекет тарапынан ауылшаруашылығын қолдауға арналған, қаржылай көмек беретін бірегей жоба. Етті бағыттағы мүйізді ірі қара малының экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында 2011 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынды. Өйткені, Президент сол жылғы халыққа арнаған Жолдауында: «Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамытуға арналған теңдессіз жоба іске асырылады. Мемлекет бұл мақсатқа 130 миллиард теңге несие қаражатын бөледі», – деп мәлімдеген болатын.
Жалпы, бағдарлама шаруашылықтардағы, жеке мал иелеріндегі жергілікті малдың тұқымын ет бағытында асылдандыру арқылы мүйізді ірі қараның ет өнімділігін арттырып, еттің өзіндік құнын арзандатуды, мал басын өсіріп, мал шаруашылығы саласында қосымша жұмыс орындарын ашуды көздейді. Осындай зор мүмкіндікті бүгінде ауылдықтар құр жібермеуде.
 
Талғаттың табанды тірлігі
Тірлігіне қарап-ақ, тілге тиек етуге тұратын тағы бір севастополдық белді кәсіпкердің бірі – Талғат Кусымбаев. Ол – жоғарыда сөз еткен Қайрат Кусымбаевтың туған інісі. Қос бауыр шаруашылықпен шұғалданып, кентті көркейтуге көмектерін аянбай-ақ келеді. Толығырақ тоқталсақ, Талғат 1995 жылдан бері балық шаруашылығымен айналысады. Яғни, «Бозшакөл» ЖШС-нің иесі. Оған кейде 400 шақырым жол жүруге тура келеді. Себебі, Сарыкөл (бір көл) және Ұзынкөл аудандарындағы (бес көл) көлдерден балық аулайды. Бұдан бөлек, егінді есептемегенде, мал шаруашылығын да машық еткен. 80 жылқысы, 100-ге жуық қойы бар. Оның сыртында осыдан үш жыл бұрын аналық мал басын дамыту үшін «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында 60 бас қазақтың ақбас сиырын сатып алды. Талғаттың бар арманы – ата кәсіпті жандандыру. Сондықтан, бұл іске білек сыбана кірісіті. Шаруашылығын ұршықтай иіріп әкеткен белгілі кәсіпкер «Сыбаға» бағдарламасының мал өсіруді дамытуда тигізер септігін жоғары деңгейде бағалайды.
SONY DSC

SONY DSC

-«Сыбаға» – ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасы. Біз секілді ауыл халқына өз шаруашылығын бастап, дамытуға қомақты көмек көрсетеді. Яғни, несие алу жеңіл, пайызы одан да жеңіл. Оның үстіне екі жыл «демалыс» беріледі. Сондай-ақ, бір бас ІҚМ субсидия төленеді. Бұл тұқымдық бұқаларды, азық, жанар-жағар май сатып алуға
және жұмыскерлердің еңбекақасын төлеуге үлкен көмегін тигізеді, – дейді мемлекет қолдауын сезінген тәжірибелі шаруа.
-Қазір Кеден одағы жанындағы реестрден шығуды жоспарлап отырмыз, процесс жүріп жатыр. Алдағы айда құжаттар дайын болып қалады, себебі, бағдарлама шарты бойынша ет экспорты әлеуетін іске асыру көзделген, – деп толықтырды өз сөзін кәсіпкер.
Әрине, туған жеріндің төсінде ата кәсіппен айналысып, ата-бабасының жолын жалғап келе жатқан Талғаттың тірлігіне ерекше тәнті боласың. Себбі, ол кәсібі алға басқалы ауылдан екі үй сатып алды. Оның біреуі – отбасы үшін болса, ал екіншісі – жұмысшыларына арналған. Сонымен қатар, малға арналған нысандар тұрғызып, кардтар салды. Қажетті жем-шөпті де өздері дайындайды. Қол астындағы жұмысшыларына жалақы төлейді. Олар да дән риза.
SONY DSC

SONY DSC

-Мен, мал бағумен айналысамын. Яғни, ірі қараны. Қожалықта істеп жатқаныма көп болған жоқ, небары үш-ақ ай. Бірақ, осы мерзім ішінде өз жұмысымды игеріп алдым. Бұрын жұмыссыз жүрген едім. Ал, қазір жағдайым жақсы, ай сайын жалақымды алып тұрамын. Өзімізге жетіп жығылады, – дейді бақташы Анатолий
Павловский.
 
Ауылдың малын бағып жүр
2005 жылдан бері егін шаруашылығының тізгінін ұстаған «Нурпеисов М.К» шаруа қожалығы Севастопол ауылында мал шаруашылығын дамытуды қолға алды. Ол үшін 2015 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2 млн. теңге көлемінде несие алып, 8 бас жылқы сатып алды. Сондай-ақ, осы жылдың басында екі бұқа сатып алды. Сөйтіп, ауылдағы жекенің ірі қара малын бағып жүр. Шаруа Мадияр Нурпеисовтың қарамағында бүгінде 120 бас бар. Соның ішінде бір үйден 10 басқа дейін қосқандар да кездеседі.
SONY DSC

SONY DSC

-2005-2015 жылдары аралығында егін шаруашылығымен айналысқан едім. 68 га жеріме бидай ектім. Енді, міне, биылдан бастап ауылдықтардың малын бағып беруді қолға алдым. Сол үшін екі абердин-ангус бұқасын сатып әкелдім. Бұрын табында бұқа болған жоқ, сондықтан қазір ауылдықтар дән риза, – дейді бақташы.
Жалпы, ата-бабасынан қалған кәсіпті қолға алған Мадияр алдағы уақытта тағы екі бұқа сатып алуды жоспарлап отыр. Сөйтіп, бұл шаруашылықты одан әрі жандандыра түспек.
SONY DSC

SONY DSC

 
SONY DSC

SONY DSC

Инвест жоба игілігі
Айтпақшы, мал шаруашылығы мардымды дами бастаған бұл ауылда инвест жобалар да игерілмей қалып жатқан жоқ. Яғни, «Аллахвердиев» Ш/Қ былтырдан бері Севастополда сыйымдылығы жылына 6,0 мың тона астық қоймасын жаңғыртуда. Бұл инвестициялық жобаның жалпы құны – 25,0 млн. теңге. Ол осы жылы аяқталады. Нәтижесінде, 5 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
 
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓