«Қостанай таңы» газетінің ұжымына
Бүкіл әлем кеңістігін ғаламтор баурап алса да, жазбаша бұқаралық ақпарат құралының алатын орны ерекше болып қала бермек.
Журналистер еліміздегі, облыс аумағындағы қарбалас тіршілікті жан-жақты саралап, талдап, қалың оқырманға ұсынып отырады. Ардагерлер өздерінің сүйіп оқитын газеті «Қостанай таңын» асыға күтеді, әр материалын мұқият оқиды. Ұжымның соңғы кездегі жаңа серпілісіне, өткізіп жатқан кездесулеріне оң баға беруде. Сүйікті газетіміздің шығармашылық ұжымын баспасөз күнімен құттықтап, зор табыс тілейміз, қаламдарыңыз еш уақытта мұқалмасын!
Кенжебек УКИН,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.