“Елдің күші –бақытты отбасы”
Қаламызда осындай атаумен ерекше жоба жүзеге асырыла бастады. Жоба әркімге түсінікті отбасы құндылықтары негізінде аулалар қоғамдастығын жаңғыртуға және жергілікті қоғамдастықтың мәселесін шешуге белсенді қатысатын шағын социум моделін түзуге бағытталған.
"Қазақстан–2050" Жалпы-ұлттық қозғалысы хабарлағандай, бұл мақсатта осы жылдың маусым-тамыз айларында Қазақстанның әр түкпіріндегі қалалардағы 65 ауланың тұрғындары түрлі шараға қатысып, елге еңбегі сіңген бапкерлердің, спорт шеберлерінің шеберлік дәрістерін үйреніп, ел ішіндегі табысты әрі атақты адамдармен кездеседі.
Жаз бойына қозғалыс белсенділерінен іріктелген еріктілер облыс орталықтарында және Алматы мен Астана қалаларында балалар ойындарын, отбасылық байқаулар ұйым-дастырады. Барлығы жоба барысында балалар мен ата-ана арасында 700 астам шара өткізу көзделіп отыр. Жобаның қорытындысында үздіктер мараппатталып, ауқымды мерекеге айналмақ.
Айтолқын Айқадамова