Аналарына тіл тигізген балалары жазаланды
Рудный қаласының мамандандырылған әкімшілік соты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты екі әкімшілік істі қарады. Аналарына қатысты балағат сөйлеген екі жігі те әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында сағат 21.40 шамасында 24 жастағы Ю. өз үйінде анасын балағаттаған.
Сот отырысы барысында Ю. әкімшілік құқық бұзушылық жасауда өз кінәсін толығымен мойындап, өкінетіндігін білдірді. Сот азамат Ю-ды ҚР ӘҚБтК 73 бабы 1 бөлігі бойынша («отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») әкімшілік жауапкершілікке тартуға қаулы етіп, оған ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындады.
Ал 22 жастағы азамат Н. қайталнған құқық бұзушылығы үшін жазаланды.
1 ақпанда сағат таңғы 04.00 шамасында алкогольдік мас күйде болған Н. анасын балағаттап, тіл тигізген. Сот Н-ны екі тәулікке қамаққа лау түріндегі әкімшілік жаза тағайындауға қаулы етті.
Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.
Қостанай облыстық сотының баспасөз баспасөз қызметі