Көпшілік орындарда қауіпсіздік күшейтіледі
ҚР көлік туралы" Заңындағы жаңа өзгертулерге сәйкес көлік нысандарында терроризмге қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жолаушыларға және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарға (келушілерге), олардың алып жүретін заттарына, оның ішінде қол жүгі мен багажына тексеріп қарауды жүргізу қағидалары әзірленіп, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1102 қаулысымен бекітілді.

Террористік қауіптіліктің қандайда бір қауіп деңгейі жарияланбағанда не қауіптің бірқалыпты деңгейі жарияланған жағдайда ішінара тексеріп қарау жүргізіледі. Ішінара тексеріп қарау күдік тудыратын жолаушылар мен келушілерге қолданылады.
Тексеріп қарауды жүргізетін адамдар жолаушылар мен келушілерге қатысты ілтипатты және сыпайы болуға және олардың ар-намысына тиетін іс-қимылдарға жол бермеуге міндетті.Мүгедектігі бар жолаушылар мен келушілерді тексеріп қарау кезектен тыс жүргізіледі.
Тексеріп қарау кейбір адамдарға қолайсыздық тудыруы мүмкін. Дегенмен, халықтың көп жиналатын орындарындағы қауіпсіздік шараларының күшейтілуіне түсінушілікпен қараған жөн.
Шұға Қоңқабай