Қылмыскердің суреттері жарияланды!
Қостанай облыстық Ішкі істер департаменті дәрігер Рашида Сандыбаеваның өліміне қатысы бар күдікті Гафаров Руслан Рамильевичке іздеу салды. Тәртіп сақшылары қылмыскердің жаңа суреттерін жариялады. Өте ауыр қылмыс жасаған Гафаров Руслан Рамильевич 19772 жылы Қостанай қаласында туған. Белгілері: мығым денелі, бойы 170-180 см, қара шашты, сақал-мұртты болуы мүмкін.
Қылмыскерді байқасаңыз немесе басқа да ақпарат білсеңіз, дереу Қостанай облыстық ІІД-не хабарласыңыз. Код: (8-7142) 52 61 11, 52 61 12 немесе ұялы телефон арқылы «102» қоңырау шалыңыз (қоңырау соғу тегін).
Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі