Соққыға жығып, оқ атқан
Қостанай қаласының №2 сотында бұзақылық пен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуы бойынша (ҚР ҚК-нің 293 бабы 3 бөл. 2 тар.; 106 бабы 3 бөл.) айыпталған 1986 жылы туған Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралуда.
Тергеу материалдары бойынша, 2015 жылдың 17 қарашасында сағат 05.00 шамасында Ж. тергеуде анықталмаған адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, «Добрый» шатханасының қасында 23 жастағы жәбірленуші У-ға бірнеше рет соққы жасаған.
Өзінің бұзақылық әрекетін жалғастырған Ж. қолындағы тапаншасынан жәбірленушінің басына екі мәтре оқ атқан.
Қостанай қалалық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілген У. есін жимастан қаза болған.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі