35 контрабанданың жолы кесілді

Қарабалық полицейлері шекара қызметімен бірлесіп, мемлекеттік шекара арқылы өтпек болған есірткі тасымалының алдын алды. Жыл басынан бері Қарабалық ауданының полициясында осындай 35 факті тіркелді. Бұл туралы полиция бөлімінің бастығы полковник Нұржан Ахметов айтып берді.
– Тек қазан айында тәртіп сақшылары есірткі заттары контрабандасының 4 фактісін анықтады. Күдіктілер есірткіні шекарадан әртүрлі жолмен өткізуге тырысқан. Мәселен, күдіктілердің бірі есірткіні шұлыққа, темекіге, бөтелкелер мен тамақ ыдыстарына жасырып алып өтпек болды, – дейді полиция полковнигі.
1 қазанда "Қайрақ" бекетінде полиция шекара қызметімен бірлесіп, жүк көлігінің салонын тексеру кезінде салмағы 34 грамнан асатын марихуана тәркіленді. Беларусь Республикасының 25 жастағы тұрғыны Қазақстанға есірткі тасымалдауға тырысқан.
19 қазанда "Қайрақ" бекетінде Тобыл қаласының тұрғыны, 35 жастағы жүргізуші ұсталды. "FORD" жүк көлігінің есігінен шыны бөтелке табылды, онда өсімдік тектес екі түйір зат тәркіленген.
Осы жылдың сәуір айында полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан "DAF" жүк автомобилінің кабинасынан 6 грамм гашиш тәркілеген еді, бұл айтарлықтай үлкен өлшем болып есептеледі. Елорда тұрғыны Ресейге бет алып бара жатқан. Аталған факті бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі ("Есірткі заттарын заңсыз сақтау") бойынша тергеліп, сотқа жолданды. Сот 41 жастағы астаналықты бас бостандығынан айырды.Сонымен қатар, тәртіп сақшылары есірткіні сату қылмысын ашты. Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері салмағы 7 грамм гашиш пен марихуана тәркіленген 26 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданды.
2021 жылдың 9 айында Қарабалық полицейлері заңсыз айналымнан 82 грамнан астам есірткі заттарын, оның ішінде 60 грамнан астам марихуана және 20 грамнан астам гашиш тәркіледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓