Өрттен құтқару спортының үздіктері анықталды
Жақында «Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесінің өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің арасында өрт құтқару спорты жарысы өтті. Мақсат – ҚР жазғы ашық Чемпионатына өрт –құтқару спортынан үздік шыққан спортшыларды таңдап, Қостанай облысы құрама командасын жасақтау. Қатынасушылар – өртке қарсы қызметтің аудандық және қалалық қызметкерлері.
Жарыс қалалық бөлімшелер арасында өрт-құтқару спортының үш түрінен өтті: Кедергілер арқылы 100-метрлік жолақты кесіп өту, жауынгерлік қанат жаю және оқу жаттығу мұнарасының 4-ші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу. Шабуыл сатысымен көтерілу мен кедергілер арқылы 100-метрлік жолақты кесіп өту жарысында қалалық бөлімшелер арасынан ең жылдам да желаяқ В.Сырнай суырылып алға шықты. Ол – Қостанайдағы 2-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі командасынан. Жауынгерлік қанат жаюдан 3 –өрт сөнедіру бөлімі озды. Орындар келесі сипатта орналасты: 1-орын Қостанай қаласындағы 2- МӨСБ; 2-орын 3-ӨСБ; 3-орын 1-ӨСБ-не бұйырды.
Өрттен құтқару спортын дәріптеу мақсатында, әрбір командада бір қыздан қатысты. Олар оқу-жаттығу мұнарасының 2-ші қабатына шабуыл сатысымен көтерілуден және кедергілер арқылы 100-метрлік жолақты кесіп өтуден жарысты. Лисаков қаласының 18 –МӨСБ радиотелефонисі Ғалия Алматова мұнарадан (8,60) және кедергілер арқылы 100-метрлік жолақты кесіп өтуден ең үздік уақытты көрсетті (21,13).
Аудан бөлімшелерінің мәрелік сайысында шабуыл сатысымен көтерілуден Аманқарағай елді мекенінің өртсөндіру пункты командасының өкілі А.Шинкаренко үздік нәтиже көрсетті.
Аудан бөлімшелерінің арасында жалпы командалық бірінші орынды Федоров ауданы 20- ӨСБ иеленді. Екінші орын – Қарабалық ауданы 11- өрт сөндіру бөлімінің қанжығасында. Қостанай ауданының 10-өрт сөндіру бөлімі үшінші жүлдені місе тұтты.
Жандос Жүсіпбек