Махартова өлімі: екінші күдікті ұсталды

Затобол кентінің тұрғыны Дарья Махартованың өлімі қоғамда қызу пікір тудырып еді. Бұған дейін облыстық ІІД баспасөз қызметі 18 жасар қызды өлтірді деген күдікпен 26 жастағы жігіттің ұсталғанын хабарлаған болатын.
dav

dav

Бүгін облыстық ІІД-нде осы атышулы қылмыстық іске қатысты арнайы брифинг өтіп, онда Дарья Махартованы өлтірді деген екінші күдіктінің ұсталғаны жайында белгілі болды.kfyfzst_wre
 
bezyimyannyiy– Қазіргі таңда тергеу құпиялылығына байланысты, кейбір мәліметтер жарияланбайды. Бір айтарымыз, қылмыстық істі ашу барысында өте ауқымды жұмыстар жүргізілді. ҚР ІІМ, облыстық ІІД-нің тәжірибелі мамандары жұмылдырылды. Қостанай мен Затобол кентінің адам өлімі болған аумаққа жақын орналасқан мейрамхана, дәмхана, қонақ үй және жол бойындағы бейне камералары тексерілді. Қылмыс болған күні Қостанай-Затобол тас жолы бойымен өткен көліктерді «АвтоУраган» стационарлық құрылғылары бойынша тексеріп шықтық. Жақын маңдағы тұрғындардан сұрастырдық. Психикалық, наркологиялық есепте тұрғандар, мерзімінен бұрын қамаудан босағандар, қоныс колониясынан келіп-кетіп жүретіндер мен облыстық ІІД көші-қон қызметінің есебінде тұрған мигранттардан жауап алынды. Бейне бақылау камераларының көмегімен қылмыстың жалпы сұлбасы жасап шығарылды. Ұсталған күдіктінің екеуі де ҚР азаматтары, – деді облыстық ІІД Штаб-басқармасының бастығы Мейрам Қажкенов.Безымянный
 
12345Сонымен қатар, полиция өкілдері Д.Махартова өліміне қатысты жедел тергеу-іздестіру барысында бұдан бөлек әр түрлі деңгейдегі 41 қылмыс ашылды деді.
 
Қыдырбек Қиысханұлы
 
Суреттерде: Брифингтен; Күдіктілер кескіндемесі; Оқиға желісі бойынша жасалған фотосуреттер  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓