Қарияны тонағандар бейнебақылауға түсіп қалды
Рудный қаласында тапа-тал түсте екі жас жігіт қарияны тонап кеткен. Бұл туралы informburo.kz сайты хабарлайды.
Таяғына сүйенген карт кісіге үйінің кіреберісінде белгісіз біреулер тап беріп, күшпен қалтасындағы бар ақшасын алып, тайып тұрған. Абырой болғанда, оқиға бейне бақылауға жазылып қалған. Осыны пайдалана отырып, полиция қызметкерлері оқиға ізін суытпай қылмыскерлерді қолға түсірген.
-Қазір күдіктілердің екеуі де тергеу мекемесінде. Шарасыздығын пайдаланып екеуі әдейі зейнеттегі кісіні тонаған. Қылымыскерлер 3 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылуы мүмкін,-дейді Қостанай облыстық ІІД-нің қызметкері Ринат Қабылбеков.