Мекемелер, мәреге!

Қарабалық ауданында ұйымдар мен кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі спартакиада басталды. Бұл жолғы спорттық мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып отыр. SONY DSC
Спартакиада бағдарламасына спорттың жеті түрі енгізілген: волейбол, баскетбол, үстел теннисі, қол күресі, шахмат, шағын футбол және арқан тартыс. Жарысқа аудан көлеміндегі жиырма шақты мекемеден тоғыз команда қатысып отыр. Шарт бойынша, бір топты жасақтауға, ең көбі, үш ұйым біріге алады. 
Спорттық шараның алғашқы күні волейболшылар бәсекесімен басталды. Ол ақпанның 13-не дейін созылады. Жеңімпаз команда ақтық айналымда анықталмақ. Әзірге қолдопшылар әр сенбі сайын екі алаңда шеберлік сынасуда. Ал, басқа жарыстар әлі басталған жоқ. 
Спартакиада сәуір айында қорытындыланып, жалпыкомандалық есепте жеңіске жеткендер арнайы кубоктармен марапатталмақ.  
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓