Өрт қаупінің алдын алу
Сарыкөл аудандық №16 өрт сөндіру бөлімі өңірде өрттің алдын алу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып тұрады.
Яғни тұрғын үйдің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудан тұрғындарымен күн сайын тілдесіп, қауіпсіздік шараларын қатаң түрде сақтауды ескертеді. Тек ескертіп қоймай, айтылған міндеттердің толығымен іс жүзінде жүзеге асырылуын қадағалайды.
Мәселен, өңірлік өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, өртке қарсы қызметінің майоры Азамат Бекмағамбетов бізбен бірге үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатындағы шараларды толықтай түсіндірді. Яғни осы тақырып төңірегінде мол мағлұмат берді. Бір айта кетерлік жәйт, бұл тұрғыда жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін 365 үй қамтылған.
Бірақ соған қарамастан ағымдағы жылдың басынан бері ауданда 4 өрт тіркелген. Соның екеуіне әкімшілік айыппұл салынса, енді қалғаны ішкі істер бөліміне жіберілді. Бұл туралы бізге аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, өртке қарсы қызметінің подполковнигі Ермек Ибраев баяндап берді.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
СУРЕТТЕ: өрт сөндіру бөлімінің аға инженері А.Бекмағамбетов жұмыс үстінде.