Қос қанат
Үлкен кісілер «Бағың ашылсын», «басыңа бақыт құсы қонсын» деп тілек айтып, бата беруші еді ғой. Осы бір сөзді қаншама мәрте естісек те мән бермейміз. Ендеше, сол үлкендер айтатын бақыт дегеніміз не? Бірі, керегінше киіп, ішіп-жегенді бақытқа балайды. Енді бірі, адал жар, тәрбиелі бала, тату-тәтті отбасыны бақыт деп санайды. Қысқасы, бақытты әркім өзінше түсінеді. Біздің кейіпкерлеріміз ерлі-зайыптылар Светлана және Андрей Зелевскийдің де бақыт туралы айтары бар.
Ерлі-зайыптылар Қостанай ауданында тұрады. Отағасы Андрей 29 жасында жол апатына ұшырап, қос жанары көрмей қалған. Келіншегі Светлана бала күнінен сал ауруына (ДЦП) шалдыққан. Екеуі бірін-бірі кезіктіргелі бері, өмірлері түбегейлі өзгеріп сала берді. Қос тағдыр бір арнаға тоғысып, жұбайлық өмір күнделікті күйбең тірліктеріне әр берді. Сондықтан алғашқы кездесуді кейіпкерлеріміз ерекше тебіреніспен еске алады.
-Екі жыл бұрын сауықтыру санаториіне барған едім. Сол жерде болашақ жұбайыммен таныстым. Алғашында Андрейдің маған деген көзқарасына, қарым-қатынасына мән бергенім жоқ. Уақыт өте ол мені баурап алды. Әрқашан гүл сыйлап, көңілімді табатын,-дейді Светлана Зелевская.
Шаңырақтың иесі Андрей болашақ жарын түсінде көргенін айтады. Кейіпкеріміздің бұл сөзі мүмкін шындық болар, мүмкін әзілі шығар, кім білген. Бізге белгілі шындық, екеуінің шаңырақ көтергендігі.
Қарап отырсаңыз, екеуі ешкімнен кем емес. Жатақхананың бір бөлмесінде тұрып жатыр. Біріне-бірі сүйеу. Дарья есімді кішкентай қыздары да бар. Балақай қыркүйек айында 1 жасқа толды.
Светлана бойына бала біткен соң ғана дәрігерлермен кеңескен. Себебі, медицина ғылымы мүгедек жанның балалы болу мүмкіндігі аз екенін айтады. Соған қарамастан, дені-сау баланы дүниеге әкелді. Бұл да бір бақыт шығар.
Андрей Зелевский өзі тұратын Қостанай ауданының халқына белгілі жан. Оның спорттағы жетістіктері ұшан-теңіз. Соның ішінде, жеңіл атлетика, жүзу сияқты спорт түрлерімен айналысады. Республикалық жарыстарға да қатысып жүр. Жүлделері де жетерлік. Мәселен, Павлодар қаласында өткен параолимпиадалық ойындардан екі алтын және бір күміс медаль алды.
-Көзің көре ме, көрмей ме, ол маңызды емес. Маңыздысы, мына өмірде абыройлы іс жасап, отбасыңмен тату-тәтті өмір сүру. Өзгеге масыл болмай, қоғамның игілігіне жарасам деймін. Бақыт деген осы емес пе,-дейді Андрей Зелевский.
Андрей мен Светлананың жұптары жазылған емес. Қашан көрсеңіз де бірге. Светлана отағасын жетектеп, бағыт-бағдар беріп отырады. Ал Андрей бір қолымен жасқа толған баласы Дарьяны көтерсе, екінші қолымен келіншегін сүйеп жүреді.
Қарапайым ғана отбасының тұрмыс-тіршілігі осы. Біз әңгімелеген жұптың өзгелерден ерекшелігі олардың өмірге деген құштарлығында болса керек. Иә, олар өмірді шексіз сүйеді және өздерінің бақыты үшін күреседі. Ал сіз, оқырман, өз бақытыңыз үшін күрестіңіз бе?.. Сіз үшін бақыт деген не өзі?

Қымбат ДОСЖАНОВА
Мысалы мен үшін ауруды жеңіп қаатрға қосылу бақыт.(өзім ауру емеспін жалпы айтам)Басынғанды,ниеті жаманды орнына қою, ар-намысты қорғай алу және сөзден де есе жібермеу бақыт. Өйткені мұның барлығы жүйкені тоздырады, ал жүйкесі тозған адамдар оңған адамдар болмай жататыны рас.Үндемеген үйдей пәледен құтылады-бұл мүмкін оннан бір жағдайда рас шығар. Бірақ үндемегендерді-ынжық, ез,қуыскеуде деп түсініп, аузынан келгенін айтып, есіре талтаңдайтындар көбейіп кеткен кер заманың осы.Үндемейтін жерлер бар жарылып кетсең де үндемейсің себебі салдарын ойлайсың, ол енді саясатқа қатысты.