Торғайда “Мархабат” азық-түлік дүкені ашылды

Аудан орталығында жергілікті тұрғындарға қызмет жасап отырған  22 азық  түлік дүкендері бар. Көбі жаңадан ашылды деген аты болмаса, ескі ғимараттарға заман талабына сай жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қалыпқа келтірген. Ал бас-аяғы үш айдың ішінде бой көтерген "Мархабат" азық-түлік дүкені өзгелерге ұқсамайды. Оның егесі – жеке кәсіпкер Байыржан Жәмалиев. Іргетасынан бастап қалаған бұл дүкен ауданның ажарына сән кіргізіп тұр. Оны сырттан көрген адам азық-түлік дүкені емес шағын супермаркет деп ойлап қалуы әбден мүмкін. Сыртын арнайы қызыл кірпіштермен өрнектеп қаптаған. Қоршауының өзі ат шаптырым. Құрылыс жұмыстары басталғанда 15 адамды жұмыспен қамтылды.IMG_1376 "Мархабат" дүкенінің ашылу салтанатында сөз алған Торғай ауылының әкімі Ғабит Сүндетбаев, жеке кәсіпкер Ерболат Зайнуллин  игілігі мол бастама өзге жерде сұлтан атанып жүрген торғайлық қалталы азаматтарға ой салатын әрі құптарлық іс екендігін жеткізді. Оспанқожа әулие мешітінің бас имамы Аян Хасенов ақ батасын беріп, ата-баба рухына құран бағыштады. IMG_1359-Менің басты арманым – сыртта жүрсемде туған жеріме кішкене болса да қызмет жасау. Ақшаның буымен ашқан дүкен екен деп жұрт ойлауы мүмкін. Құнығушылық сезімге бой алдырған жан емеспін. Бүгінгі күні облыс орталығында да азық-түлік дүкенім бар. Өзімнің күнкөрісіме содан түскен қаржы да жеткілікті. Торғай жерінен өндіріс орындарын ашсам да артықшылығы жоқ. Оның бәрі уақыт еншісінде. Дүкенді салу барысында қол көмектерін көрсетіп, рухымды жігерлендірген жора-жолдастарыма, соның ішінде Қаныбек Қоянбаевқа шексіз ризашылығымды білдіргім келеді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайына өз үлесімді қоссам туған жерге деген борышымның бір бөлшегі ғана орындалды деп білемін, – дейді ағынан жарылған жеке кәсіпкер Бауыржан Әбдірахманұлы. 
Бауыржан ЖәмалиевБауыржан ағамыз 1999 жылдан бері жеке кәсіппен айналысып келеді. Өрт сөндіру бөлімінде қызмет жасап, зейнеткерлікке шықты. Облыс орталығына көшіп барғаннан кейін үйреншікті кәсібін  қолға алып, сауда-саттық саласына қайта кірісті. Өзі айтқандай, туған жерге пайдам тисін деген мақсатпен Мархабат дүкенін салды. Ондағы азық-түлік бағасы 5-10 теңгеге арзан. Бір артықшылығы, қазақстандық өнімдердің сатылуы басты назарда. Азық-түлік тауарының 50-60 пайызы – отандық өнім. Жеке кәсіпкердің меншігінде камаз және газел автокөлігі бар. Азық-түлікті облыс орталығынан әкеледі. Дүкеннің тауар сақтайтын қоймасы, жұмыскерлерге арналған ас үйі бар. Жылу жүйесі де тартылған. Қазіргі уақытта екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Болашақта тағы да төрт адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады.
 
                                                                                                                                                                  Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
                                                                                                                                                                         
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓